Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесі марқұм Салтанат Нүкенованың ұялы телефонын зерттеуден басталды. Прокурор WhatsApp желісіндегі С.Нүкенова мен Қ.Бишімбаевтың хат алмасу мәтінін жариялады. Оның ішінде аудио жазбалар да бар.