ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей түрмелерінде отырған қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады. Апталық брифингте тілшілер Ресей қалаларында нашақорлық бойынша түрмеге түскен қазақстандықтардың туыстары Бас прокуратураға жүгінгенін айтты. Олар Ресей түрмелерінде соғысқа үгіттеу бар екенін айтып, балаларын елге ауыстыруды сұраған.