Риддерде жылдар бойы мәселесі шешілмей келе жатқан қазақ мектебі салынатын болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл жаңалықты кеншілер қаласының тұрғындары зор қуанышпен қабылдады. Шығыс Қазақстан облысы мен Риддер қаласының әкімдіктері және «Казцинк» компаниясы арасында 600 орындық мектеп салу жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды.