Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жасөспірім вандалдар балалар ойын алаңын қиратып тастаған. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жасөспірімдердің заңсыз әрекетіне жергілікті тұрғындар шағымданған. Полиция құқық бұзушылардың кім екенін анықтады.