ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев салықтық және кедендік әкімшілендірудегі жаңа цифрлық шешімдер туралы айтып берді. Жалпы Қаржы министрлігі бойынша көптеген мәселені шешетін жаңа цифрлық платформа құру жұмыстары басталды. Бұл бюджетті жоспарлаудан бастап, игеруге дейінгі алдын ала бақылауға, отандық өндірушілер туралы толық талдау жасауға мүмкіндік береді.