«Қазгидромет» осы апта мен мамыр айының алғашқы күндеріне ел аумағындағы ауа райына болжам жасады. Синоптикалық болжамға сәйкес, алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Әсіресе аптаның ортасына қарай Солтүстік өңірлерде нөсер жауын болжанып отыр. Шығыс және Солтүстік Қазақстанда түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.