Семейлік тергеуші зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 14 жастағы жасөспірім қыздың жалаңаш фотосын мессенджерде жариялаған. Жәбірленуші тарап тергеуші әділ жазасын алсын дейді. Оның айтуынша, тергеуші жасөспірім қыздың ұялы телефонындағы қылмыстық іске қатысты біраз ақпаратты еш рұқсатсыз өшіріп тастаған.