7 сәуір күні түскі ас кезінде есін жоғалтқан 13 жасар интернат оқушысына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылғанымен, бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Медициналық тексерудің қорытындысы - тыныс алу жолдарында тамақ массасы тұрып бітелуіне байланысты механикалық асфиксия болған.