Сергеев су қоймасында тасқын судың екінші толқыны өтті. Қазіргі уақытта бөгеттен аққан су 242 см, 121 см төмендеу бар. Екінші толқын сәуір айының соңына дейін өтеді деп болжанып отыр. Есіл өзенінің сағасындағы су басқан үйлер саны енді көбеймейді дейді. Облыста 2 349 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 867,3 млн теңге біржолғы төлем алыпты.