Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның 9-сынып оқушылары Айжан Жұмабекова мен Шұғыла Уалхан тұрмыстық қалдықтардан сейсмограф құралын ойлап тапты. Құралды сейсмикалық қауіпті аймақтарда, жаңадан басталған құрылыс нысандарында қолдануға болады.