Ішкі істер министрі Алматы облысында шетелден жеткізілген көліктер заңсыз тіркеуге қойылып жатыр деген ақпаратқа қатысты да жауап берді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімшілік полиция басқармасындағы былық көптен бері айтылып та, жазылып та жүр. Ержан Сәденов бүгін осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.