Шығыс Қазақстан облысында бірнеше тасжолды қызыл су басты. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аудандық маңызы бар Күршім-Ақсуат жолының 7-шақырымында және Күршім-Қалжыр жолының 19-шақырымында қызыл су жиналып, жолға шығып кеткен.