Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 10 миллион теңге мен 20 тонна зат жинап, Атырау облысына жіберді. Бүгінде ассамблея мүшелері гуманитарлық көмектің екінші легін жинап, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтуге дайындап жатыр.