Шымкентте есек бағып, оны белгіленбеген орында сойған кәсіпкерге айыппұл салынды. Қала тұрғыны есек етін Қытайға экспорттамақ болған. Әлеуметтік желіде есектерді белгіленбеген орында сойып жатыр деген видео тарады. Автордың айтуынша, бейнежазба Шымкенттегі Құрсай шағынауданында түсірілген.