Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының екі тұрғыны суицид жасады. Ақпаратты аудандық полиция департаменті растады. Қайғылы оқиға 28 сәуір күні болған. Алдымен 22 жастағы келіншек ауладағы қорада өзіне қол салған, мұны көрген соң 17 жастағы інісі орманда өз өмірін қиған. Келіншектің артында 1,5 жасар баласы қалған.