Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау мекемелерін тексеріп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. СҚО прокуратурасының мәліметінше, емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдаланып, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарға жол берген.