Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында арнайы қызметтер түні бойы жұмыс істеп, Талшық ауылындағы үйлерді су басуына жол бермеді. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурыз күні түнде Ақжар ауданындағы Шат өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, Талшық ауылының шетінде орналасқан үйлерді су басы қаупі туды.