Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр. Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты істі прокурордың қайта қарауына жіберу сұралды.