Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге шығарылған және өлген мал саны нақтыланып жатыр. БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 26 наурыздан бастап Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарын су басты.