Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс істеп жатыр. Су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Пункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 1 116-дан астам медицина қызметкері, оның ішінде 278 дәрігер, 838 мейіргер, 79 психолог тартылған. Санитария-эпидемиологияны бақылау мақсатыңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халық пайдаланатын ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі.