ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмек қоры туралы баяндады. Денсаулық сақтау бойынша үш негізгі міндет аясында жұмыс жасалып жатыр: санитарлық-эпидемиологиялық бригадалар жұмысы, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық бригадалар Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарымен бірлесе су сапасын тексеру және өлексе көмілген жерлер, қоқыс орындары және септиктерді бақылауға алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.