Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырысы бастала сала, Бишімбаевтың қорғаушылары БАҚ пен әлеуметтік желіде қылмыстық істің материалдары жарияланып жатқанына шағымданып, соттан шара қолдануды сұрады. Бірақ мемлекеттік айыптаушы сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатқанын, сондықтан бұл арыз негізсіз екенін айтты. Тіпті, судья қорғаушыларға ескерту жасады. Олар сотты және процеске қатысушыларды адастырды деп танылды.