Оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған. Жасөспірім 16-қабаттан секіріп, көз жұмды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған. Анасының айтуынша, бойжеткен өзін жайсыз сезініп, үйінде ауырып жатқан.