Жылы төсектен жылыстап, тәтті ұйқыны тәрк ету көп адамдар үшін оңай болмауы мүмкін. Алайда таң алагеуімнен тұрып, таза ауада серуендеу – талай дерттің таптырмас емі. Осы бір істі өмірлік дағдыға айналдырған жанның тәні мен жаны ұшан-теңіз пайдаға кенеледі.