Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті. Жамбыл облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.