Таразда тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топ ұсталды. Оның жетекшісі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып “қайырымдылық қоғамдық қорын” құрған. Ол өзінің қылмыстық беделін “әділеттілікті жақтаушы” – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық “қамқорлығы” үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Келіспегендерге күш қолданған.