Атырау облысында 1 сәуірден бері тасқын су қаупінен 26 467 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 976 бала бар. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй және инфрақұрылымдарды су басқан.