Су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорылып, сыртқа шығарылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген. Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.