ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы бүгін 08:30–дағы соңғы ақпаратты жариялады. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруінен үш облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7575 шақырым болатын 8 жол учаскесінде су тасқыны болған. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.