Шығыс Қазақстанда облысы сәуір айының ортасында күтілетін су тасқынының екінші толқынына дайындығын бастады. Қазір облыста жағдай тұрақты. Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен өткен жылдың күзінде-ақ ШҚО қалалары мен аудандарында су тасқынының алдын алу шаралары басталған. Биыл алғаш рет тасқын суға төтеп беру үшін тарихи деректерге негізделген арнайы карта жасалды. Су тасқыны қаупі бар аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, үнемі толықтырулар енгізіліп отырады.