Атыраулық құтқарушылар тасқын судың ортасынан 270 жылқыны қауіпсіз аумаққа айдап шығарды. Қазір Атырау қаласының маңында Жайық өзенінен жайылмаға шыққан тасқын су әлі сақталып тұр. Сондай тасқын су Қайыршақты ауылдық округіндегі Бесікті ауылының тұсында бар.