Бес облыс аумағында 5 мыңнан астам жеке үйді су басып тұр дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үйді, 1 065 аула аумағын су басып тұр. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы, 14 әуе көлігі жұмылдырылыпты.