«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.