Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған қаланың оң жағалауындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесіндегі технологиялық бұзылу себеп болған. Жағдайды су тасқыны қиындатып отыр. Белгілі болғандай, 29 наурызда «Аква-Трейдинг» ЖШС кезекші тобы Ду 200 дюкерінің (Нұра өзені) зақымданғанын анықтады. Оң жағалау бағытында су беру тоқтатылды.
Новости









































