Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағалардың өзгеруі туралы өзекті мәліметтерді жариялады. Жарияланған есеп бойынша, бір жыл ішінде (2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың ақпанына дейін) сатылатын жаңа тұрғын үй бағасы 3%-ға өсті, ал қайталама тұрғын үй бағасы 3,3%-ға төмендеді. 2024 жылдың ақпанында тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 2,9%-ға өсті.