Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Күдікті қамауға алынды. 2011 жылы валюта айырбастаумен айналысатын Жетісай ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған ер адам жәбірленушіні өлтірген. Содан қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.