29 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Хабарламаға сәйкес қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды.