Ұлттық ұланның 3 мыңнан астам әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқыны болып жатқан Қазақстанның батысы мен солтүстігінде белсенді көмек көрсетіп жатыр. Бүгінде табиғи апаттың салдарынан еліміздің көптеген аймағы су астында қалды және жергілікті халыққа қауіп төніп тұр.