"Жетісі" кеден бекетінде Үндістаннан контрабандалық дәрі-дәрмекті өткізбек болғандар ұсталды. Тауарлардың кедендік құны 43,4 млн теңгені құраса, бюджетке келтірілген шығын көлемі 5,2 млн теңге болды. Тексеру барысында салмағы 356 кг болатын 54 449 қаптама анықталды.