ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин су тасқынымен күрес жұмыстарына тартылған әскери қызметшілер туралы айтып берді. Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1500-ден астам әскери қызметші, 104 техника және 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылған. Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 тоннадан астам жүк жеткізіліп, 6 мыңнан аса қапшыққа құм толтырылып, төселген.