Утильалымы туралы петицияны қарайтын жұмыс тобының отырысы өтуге тиіс еді. Оның неге кейінге қалғанын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түсіндірді. Бұл жұмыс тобының құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.