Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды. Оны Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды. Біләл Ердоған көшпенділер ойынынында қазақ күресінен өтетін жарыстың тамашаламақ. Бүл күндері төл күресіміз – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр.