"Қызметкерлердің заңсыз ереуілге шығуына байланысты компания күн сайын миллиондаған қаржыға шығынға батып жатыр. Бұл сомма бүгінгі таңда 1 миллиард теңгеден асты. Осыған дейін хабарланғандай, жұмыс орындарына оралғысы келмейтін қызметкерлерді соттың шешімімен жұмыстан босатуына компанияның толық құқы бар. Жұмысқа шықпағандардың басым бөлігі мұны өз қалауынсыз, деструктивті элементтердің қысымымен жасап жатқандарын жақсы білеміз", делінген мәлімдемеде.