Яндекс Іздеу қазақ тіліндегі дауыстық сұрауларды түсіне бастады. Енді қолдаланушылар сұрақтарды дауыспен орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қоя алады. Жаңа мүмкіндік Яндекс Веб шолғыш және Яндекс Алисамен бірге мобильді қолданбаларында қолжетімді. Наурыз айында 12 млн астам қазақстандық Яндекс Іздеуді қолданды, оның 4,5 млн - мобильді қолданба арқылы. Смартфонда дауыспен сұрақтар қою, мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ.