Өскемен қаласында зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бейресми мәліметке сүйенсек, ер адам немересіне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған. Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді.