«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Былтыр Түркия жерінде болған алапат зілзаладан кейін отандастарымыз қаржы жинап, бауырлас елге мыңдаған киіз үй жөнелтіп, ынтымағын танытқан еді. Жер сілкінісі салдарынан үйсіз-күйсіз далада қалған түрік бауырлар сол киіз үйдің қызығын көрудей-ақ көріп, атажұрттағы ағайынға көздеріне жас ала алғыс жаудырған-ды. Қазір сол көшпелілер баспанасы қайда екен деген сұрақ қолымызға қалам алдырды.