Қазақстандық режиссер Ринат Балғабаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен сексуалды зорлық-зомбылық туралы «Горгона» атты жаңа деректі фильмін ұсынды. Туынды әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырды. 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында YouTube платформасында жарыққа шыққаннан бері көрсетілімі миллионнан асты. Фильм гендерлік зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдердің шынайы оқиғаларын баяндайды. Түсірілімге кейіпкерлермен қатар Қазақстанда гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында еңбектеніп жүрген азаматтар атсалысқан.