ИК тобының жігіттерінде шығармашылық емес, жеке өмірлерінде өзгерістер көп. Мәселен, күні кеше ұжым мүшесі Азамат Маркленов үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Еске салсақ, Марка сүйіктісін маусым айында ұзатып алған еді. Музыкант араға бірнеше ай салып қалыңдығымен тойын өткізді. Айтулы кешке Азаматтың ет жақындары мен өнердегі әріптестері ғана келген. Ал, Маркленовтың жары жайында ақпарат жоқтың қасы. [;]