«Мен ақыры больницаға түстім!» Бұл Ерке Есмаханның инстаграм парақшасына салған соңғы stories жазбасы. Оқырмандарымен осындай жағымсыз жаңалығымен бөліскен әнші, денсаулығының сыр бергенін айтты. «Қорқатын нәрсе емес, уайымдамаңыздар», — деп Ерке фолловерлерінің уайымдамауын сұраған. Эстрада жұлдызы сыр берген денсаулығын қалпына келтіру үшін ауруханада бірнеше күн емделмек. Ал, оқырмандар болса әншінің тез жазылып кетуіне тілекші.