Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтарға арнап тағы да бейнеүндеу жолдады. Бұл жолғы үндеуінде ол алдыңғы «Қазақстанды құтқарған Ресей» атты жазбасына байланысты түсініктеме беріп, «хайп қуғандар» контексттен оның сөздерін жұлып алып қолданғанын тілге тиек етті. Видеоүндеу Қадыровтың Телеграмм-арнасында жарияланды.